8 сынып геометрия пәнінен ашық сабақ. Мұғалімі Отеубаева Ж. А. » СШ №32 им. В. Маяковского
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Қордай ауданының білім бөлімінің
«№32 Владимир Маяковский атындағы орта мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7263) 62-93-67
Есепші бөлімі:
+7(7263) 62-93-67
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » 8 сынып геометрия пәнінен ашық сабақ. Мұғалімі Отеубаева Ж. А.
26
февраль
2019

8 сынып геометрия пәнінен ашық сабақ. Мұғалімі Отеубаева Ж. А.

Пәні:геометрия        

Мектебі: №32 В.В.Маяковский атындағы орта мектеп

Күні: 14.12.2018 ж   

Мұғалімнің аты-жөні:Отеубаева Ж.А

Сынып: 8      

Сабақ нөмірі: №28-12

Бөлім: 8.2A Тікбұрышты үшбұрыштың қабырғалары мен бұрыштары арасындағы қатыстар

Кіші бөлім:   

Сабақ тақырыбы §19.Тікбұрышты үшбұрыштарды шешу

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)           

8.1.3.6 тікбұрышты үшбұрышты300, 450, 600-қа тең бұрыштардың синус, косинус, тангенс және котангенсінің мәндерін табу үшін қолдану

Сабақ мақсаттары    тікбұрышты үшбұрыштың элементтерін табу үшін  , ,  бұрыштарының синус, косинус, тангенс және котангенсінің мәндерін қолданады.

Жетістік критерийлері         тікбұрышты үшбұрыштың элементтерін табу үшін  , , бұрыштарының синус, косинус, тангенс және котангенсінің мәндерін қолданады, тригонометриялық функциялардың анықтамасы бойынша үшбұрыштың бұрыштарын табады, тригонометриялық қатынастардан катеттер мен гипотенузаны табады.

Тілдік мақсаттар     

Оқушылар:

-тікбұрышты үшбұрыштың сүйір бұрышының синусын, косинусын, тангенсін және котангенсін табуды түсіндіреді;

-есептерді шешуде қандай да бір формуланың (теореманың) қолданысын негіздейді;

-дәлелді пайымдау қадамдарын сипаттайды;

-берілген бөлімнің пәндік лексикасын, символикасын және терминологиясын сауатты қолданады

Бөлім бойынша лексика және терминология:

Оқушылар:

-тікбұрышты үшбұрыштың сүйір бұрышының синусы, косинусы, тангенсі және котангенсі;

-бұрышқа іргелес жатқан катет;

-бұрышқа қарсы жатқан катет;

-катеттердің квадраттарының қосындысы;

-Египет үшбұрышы;

-негізгі тригонометриялық тепе-теңдік;

-перпендикуляр, проекция және көлбеу;

-катеттердің гипотенузаға проекциялары;

-геометриялық орта.

Құндылықтарды дарыту    

Оқушылар өз сыныптастарымен диалогқа қатысады, сыныппен талқылауда коммуникативтік дағдыларын дамытады.

Оқушыларға есептерді шығару үшін шығармашылықпен жұмыс жасай отырып, талап қоя біледі және топпен жұмыс  істеу барысында қолдау көрсетеді.

Жұппен жұмыста оқушылар әріптесіне қарап, идеяларымен бөлісіп және талқылауға қатысып, жауапты болуға үйренеді.

Пәнаралық байланыстар     Сызу, физика

АКТ қолдану дағдылары    bilimland сайтынан материалдар көрсету.

Осыған дейін меңгерілген білім    Тікбұрышты үшбұрыш және оның элементтерінің анықтамалары туралы біледі. Тікбұрышты үшбұрыштар теңдігінің белгілері туралы біледі және оларды қолдану біліктілігі. Үшбұрыш теңсіздігі және үшбұрыштың қабырғалары мен бұрыштары арасындағы қатыстар туралы біледі.

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

1. Сыныпты ұйымдастыру.

Оқушылармен сәлемдесу. Сынып тазалығына назар аудару. Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру. Үй жұмысын тексеру.

2. Сабақтың мақсаты мен жетістік критерийлерін оқушылармен бірге талқылау

10 айырмашылығын табыңдар

  Логикалық ойлау қабілетін дамытуға, ақыл-ой  

 дағдыларын жақсартуға және тақырыпқа деген  

 қызығушылықты арттыруға бағытталған тапсырма.

 

 

 

 

 

 

 

 

 Kahoot.com-oteubaeva74@mail.ru-...

Оқушылар:Kahoot.it-...........-енгізу

 

 

Оқулықпен жұмыс.А-деңгей.

№190-А

Тікбұрышты үшбұрыштың гипотенузасы 7 см және бір сүйір бұрышының косинусы 0,4-ке тең екені белгілі.Осы үшбұрыштың катеттерін табыңдар

№190-Б

Тікбұрышты үшбұрыштың гипотенузасы 89 см және бір сүйір бұрышының тангенсі 1,6-ға тең болса,осы үшбұрыштың катеттерін табыңдар

№191-А

•          Тікбұрышты  АВС үшбұрышының гипотенузасы AB=82 см және <A =36.Осы үшбұрыштың катеттерін 0,1 см дәлдікпен табыңдар

В-деңгей.№192

Диагональдары 2/3 дмжәне 2 дм болатын ромбтың  бұрыштарын табыңдар

№193-А         

Тікбұрышты үшбұрыштың  катеттері 21 см және 18 см.Оның гипотенузасы мен сүйір бұрыштарын 1 градусқа дейін дәлдікпен табыңдар

 

 

 

 

 

 

 

     

Жіпке ілінген жүк түріндегі маятникті 600  бұрышқа ауытқыту арқылы тепе-теңдік қалпынан шығарды. Маятниктің АС ұзындығы 20 см. Жүктің биіктігі тепе-тең қалыппен салыстырғанда қаншаға өзгерді?

 Жауабы: 10 см.

Мысал:

 

 Шешуі:

 

 

 

  Жауабы :  

Сабақтың соңы

Бүгінгі сабақта …

а) Бүгінгі жұмысыма ризамын, менде барлығы дұрыс болды. 

б) Менде қателер болды, бірақ мен өз ісіме ризамын. 

в) Мен теориялық материалды білемін, бірақ мен практикалық жұмыста қиналдым. 

г) Маған қиын және түсініксіз болды.

Үйге тапсырма беру: §19.Тікбұрышты үшбұрыштарды шешу.№190-ә №191-ә

 

8 сынып геометрия пәнінен ашық сабақ. Мұғалімі Отеубаева Ж. А.

 

8 сынып геометрия пәнінен ашық сабақ. Мұғалімі Отеубаева Ж. А.