ХАБАРЛАНДЫРУ » СШ №32 им. В. Маяковского
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Қордай ауданының білім бөлімінің
«№32 Владимир Маяковский атындағы орта мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7263) 62-93-67
Есепші бөлімі:
+7(7263) 62-93-67
Нашар көрушілер
нұсқасы
07
август
2026

ХАБАРЛАНДЫРУ

«Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының Қордай ауданы білім бөлімінің В.В. Маяковский атындағы №32 орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі төмендегі бос және уақытша бос педагог лауазымдарына конкурс және құжат қабылдау туралы хабарлайды:
  1. Орыс тілінде оқытатын сыныптарға математика пәнінің мұғалімі (алгебра, геометрия) – 15 сағат, тұрақты жұмыс.
  2. Орыс тілінде оқытатын сыныптарға физика пәнінің мұғалімі – 16 сағат, тұрақты жұмыс.
  3. Дене шынықтыру пәнінің мұғалімі – 12 сағат, тұрақты жұмыс.
  4. Орыс тілінде оқытатын сыныптарға тарих пәнінің мұғалімі – 9 сағат, 2026 жылғы 13 қазанға дейін бала күтіміне байланысты демалыс кезеңіне.
  5. Қазақ тілінде оқытатын сыныптарға химия пәнінің мұғалімі – 8 сағат, 2027 жылғы 31 мамырға дейін бала күтіміне байланысты демалыс кезеңіне.
  6. Әлеуметтік педагог – 1 мөлшерлеме, тұрақты жұмыс.
  7. Педагог-психолог – 1 мөлшерлеме, тұрақты жұмыс.
Педагог лауазымдары бойынша конкурсқа қатысу тәртібі
Конкурсқа қатысу үшін кандидаттар құжаттарды электрондық түрде https://hr-nobd.edu.kz порталындағы «Педагогті жұмысқа қабылдау» модулі арқылы педагогтерді лауазымға тағайындау қағидаларына сәйкес ұсынады.
Кандидат төмендегі құжаттарды ұсынады:
  1. Конкурсқа қатысу туралы өтініш.
  2. Жеке басын куәландыратын құжат немесе цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжат.
  3. Кадрларды есепке алу жөніндегі жеке іс парағы.
  4. Білімі туралы құжаттар.
  5. Еңбек қызметін растайтын құжат (бар болса).
  6. №075/у нысанындағы медициналық анықтама.
  7. Психикалық және мінез-құлық бұзылыстары бойынша динамикалық бақылауда тұрмайтыны туралы анықтама.
  8. Наркологиялық ұйымның динамикалық бақылауында тұрмайтыны туралы анықтама.
  9. Педагогті сертификаттау нәтижесі туралы сертификат немесе біліктілік санаты туралы куәлік (бар болса).
  10. Кандидаттың бағалау парағы.
  11. Алдыңғы жұмыс орнынан немесе оқу орнынан ұсыным хат.
Қажет болған жағдайда кандидат біліктілікті арттыру, біліктілік санаты, ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы, ғылыми немесе әдістемелік жарияланымдары туралы қосымша құжаттарды ұсына алады.
Міндетті құжаттардың біреуі ұсынылмаған жағдайда құжаттар кандидатқа кері қайтарылады.
Хабарландыру https://hr-nobd.edu.kz порталында 2026 жылғы 7 тамызда жарияланды.
Құжаттарды қабылдау мерзімі: 2026 жылғы 7–18 тамыз (қоса алғанда).
Конкурстық комиссияның отырысы: 2026 жылғы 24 тамызда сағат 10:00-де КММ «В.В. Маяковский атындағы №32 орта мектепте» өтеді.
Конкурс қорытындысы 2026 жылғы 25 тамызда мектептің Instagram әлеуметтік желісіндегі ресми парақшасында жарияланады: @32mektebi_kainar.
Байланыс ақпараты
Мекенжайы:
 Жамбыл облысы, Қордай ауданы,
 Қайнар ауылы, Мектеп көшесі, 1а.
«В.В. Маяковский атындағы №32 орта мектеп» КММ
Директоры: Тойбаев Б.Н.
Байланыс телефондары:
 8 (72636) 2-93-67
 8 (707) 798-37-74
Электрондық пошта: sh32@mail.kz