Өзін-өзі тану 11,10 «а» сынып » СШ №32 им. В. Маяковского
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Қордай ауданының білім бөлімінің
«№32 Владимир Маяковский атындағы орта мектебі»
отдела образования Кербулакского района
Приемная
+7(7263) 62-93-67
Бухгалтерия
+7(7263) 62-93-67
Версия для
слабовидящих
» Өзін-өзі тану 11,10 «а» сынып
06
март
2019

Өзін-өзі тану 11,10 «а» сынып

Өзін-өзі тану 11,10 «а» сынып

   Тақырыбы: Мейірімділік – асыл қасиет

   Сабақтың  мақсаты: балалардың «мейірімділік», «қайырымдылық» құндылықтары туралы түсініктерін кеңейту. Мейірімділіктің адам өміріндегі маңыздылығын түсіндіру;Өзара сыйластық қарым-қатынастарын дамыту; Мейірбандыққа тәриелеу.

Көрнекі құралдар: бейнебаян , оқулық, суреттер.стиерлер

Шаттық шеңбері:

Балалар барлығымыз шаттық шеңберіне тұрайық. Балалар ортаға шеңбер құрып тұрып,

 Күлімдеген күн мейірімді!
- Кіршіксіз ақ қар мейірімді!
- Таза мөлдір су мейірімді!
- Бәрімізді көтеріп тұрған жер мейірімді!
- Аяулы анам мейірімді!
- Қадірлі әкем мейірімді!
- Әлпештеген әжем мейірімді!
- Еркелеткен атам мейірімді!
- Жылы жүзді ұстазым мейірімді!
- Тату-тәтті достарым мейірімді

Рахмет, орындарыңа жайғасыңыздар

Ал енді, оқушылар өзін-өзі тану пәніндегі 5 «Т» ережесін қайталап еске түсірейік .

Талапты –болу арманым

Тыныштық - менің таңдауым

Тәртіп –асқақ ұраным

Тазалық- менің құмарым

Татулықпен отырсақ

Сабақ өтер мұғалім

Тыныштық сәті: (баяу музыка  Секен Тұрысбековтың «Көңіл толқыны»)

Көзімізді жұмып,біраз демалып,жақсы істерді көз алдымызға елестетейік.Біз қазір керемет,әрі сиқырлы,мейірімділік пен сүйіспеншілікке толы әлемге саяхат жасаймыз.Бұл әлемнің ауасы таза,жұпар иісті.Бәріміз де сол әлемге қарай қадам басайық! Біздің жанымызда достарымыз,олардың жанында біз өзімізді еркін сезінеміз.Мейірімділік,сүйіспеншілік ізгілік нұры бізге қонып,жан дүниемізді осы жақсы сезімге толтырады.Адамдар бір-біріне тек жақсылық,қуаныш,ізгілік сыйлап жатса,қандай жақсы болар еді. Қайтатын уақыт та келді.Осы әлеммен қоштаса отырып,мейірімділік нұрын өзімізбен бірге ала кетейік.Ал, енді балалар көздеріңді аша қойыңдар.

Жаңа сабақтың мақсатымен ,тақырыбымен таныстыру:

-          Біз бүгінгі сабақта адамның жақсы қасиеттерінің бірі мейірімділік туралы әңгімелесеміз.

-          Балалар мейірімділік әр адамның жүрегінде өмір сүреді. Мейірімділікті адамның көзінен көруге, іс-қимылынан табуға болады. Мейірімді адамды барлығы жақсы көреді.

Енді сіздердің назарларыңызға мына бейнебаянды ұсынғым келіп отыр . Мұқият назар салып отырсаңыздар.

(Бейнебаян қосылады.)

Жаңа ақпарат:

 

 

Бейнебаянды көріп отырып қандай сезімде болдыңыз?

- Балалардың жасағандары дұрыс па?

-          Мейірімділікті қалай көрсетуге болады?

-          Өздеріңе мейірімділік көрсеткен кезде қандай сезімге бөлендіңдер?

 

Мұғалім: Балалардың жауаптарын түйіндеу:

-          Адамдар бір-біріне жылы сезімдерін білдіріп, айналасындағыларға тек жақсылық ойлап, игілікті істер жасау арқылы ғана мейірімділікті таныта алады.

 

 

Дәйексөз:

Тақтаға «Мейірімділікті анадан үйрен» деген халық даналығын жазып қою.

-          Ана халық ұғымында жаратушы. Олай дейтініміз табиғатты да адамды да дүниеге әкелуші ана дейді. Ал барлық нәрсенің дүниеге келуі үлкен мейірім мен шапағаттан пайда болады. Табиғаттың барлық жанға бірдей мейірімді болуы сондықтан. Адамның да ананың кіршіксіз мейірінен берілген мейірімділігін сақтап қалу өз қолымызда.

-Ал сендер мейірімділікті, қайырымдылықты кімдерден үйреніп жүрсіңдер?

  Ойын-тапсырма:

 Жағдаяттарды шешу:

1-жағдаят: Сен аулада ролик теуіп жүрдің, ал сенің досыңның ролигі жоқ, сенің әрекетің?

2-жағдаят: Сенің алдыңнан бір құшақ газет-журнал көтерген хат тасушы апай  шықты , сен не істер едің?

3-жағдаят: Сенің  анаң ас дайындап жатыр, ал інің мазасызданып кетті,сенің әрекетің?

Мұғалім:  -Балалар  сендер өздеріңді мейірімді баламын деп санайсыңдар ма? Ендеше  бәріміз бірге «Мейірімділік ағашын» өсірейік, ол үшін сендер өздеріңді не үшін мейірімді санайтындарыңды айтып, «мейірімділік ағашына»  жемістерді ілеміз.

Сабақты бекіту:  -Балалар бүгін сабақта адам бойындағы тағы бір асыл қасиет мейірімділік туралы білдіңдер? Осы сабақта өздеріңе не алдыңдар, не үйрендіңдер?        

(оқушылар жауабы)

-Дұрыс балалар, адамдар  бір-біріне  әрқашан қамқоршы, адал, қиын жағдайда қол ұшын беруі керек, әр күнін  күлімдеп қарсы алып, өзін қоршаған  адамдарға,бауырларына  мейірімділік таныта білуі керек.

Үйге тапсырма:     «Мен мейірімді баламын» тақырыбында шағын әңгіме жазып келіңдер.

Өзін-өзі тану 11,10 «а» сынып

 

Өзін-өзі тану 11,10 «а» сынып

 

Өзін-өзі тану 11,10 «а» сынып

 

Өзін-өзі тану 11,10 «а» сынып

 

Өзін-өзі тану 11,10 «а» сынып